×

Талдықорған әкімдігі Назарбаев ескерткішінің тұғырын алып тастады (ВИДЕО)

Ол «қала орталығының сәулеттік келбетін бұзуына байланысты» бөлшектелген

 Еркеғали Болатұлы 09.02.2024 | 16:21
фото: видеодан скриншот

Талдықорған қаласының әкімдігі Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің тұғырын алып тастау себебін түсіндірді.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде экс-президент ескерткіші тұғырының жоғалуына қатысты ақпарат қызу талқылға түскен болатын. Барлық демонтаж жұмыстары түнде жүргізіліп, қала тұрғындары бұл процесті байқамай қалған.

Талдықорған қаласының әкімдігі оны не себепті алып тастағандарын түсіндірді.

Ескерткіштің төменгі бөлігінің қалдықтары қала орталығының сәулеттік келбетін бұзуына байланысты тұғыр бөлшектелді. Қазір аталған жерде ешқандай мәдени нысанды қалпына келтіру немесе салу жоспарда жоқ, – деп мәлімдеді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбібеков.

Еске сала кетсек, Назарбаевтың ескерткіші Қаңтар оқиғасы кезінде бұзылған болатын. Кейін қала әкімдігі оның қалпына келтірілмейтінін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама