×

Олимпиялық ойындардың медальдары таныстырылды

Эйфель мұнарасы жүлделердің басты символына айналған

 Дастан Жұмабекұлы 09.02.2024 | 16:12
Фото: olympics.com

2024 жылғы жазғы Олимпиада мен Паралимпиялық ойындар медальдарының дизайны жарияланды.

Франция мен Париж қаласындағы Эйфель мұнарасы медальдардың басты символына айналған.

Медальдардың дизайнын LVMH сәнді тауарлар компаниясының құрамына кіретін Chaumet зергерлік үйі жасады. Дизайн алтыбұрышты асыл тастармен безендірілген.

Эйфель мұнарасы жылдар аралығында бірнеше рет жөндеуден өтті. Осы аралықта оның кейбір металл элементтері ауыстырылып, сақталды. Бұл металдар медальдардың өзегіне орналастырылған. Олар Эйфель мұнарасындағыдай металл бөлшектерімен жасалған.

Олимпиада медальдарының ленталары қою көк түсті.

Жазғы Олимпиялық ойындар 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама