×

Дэвис кубогы: Қазақстан енді Даниямен ойнайды

Матч 13-14 немесе 14-15 қыркүйекте өтеді

 Дастан Жұмабекұлы 09.02.2024 | 15:20
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннистен Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды. Еліміздің ерлер құрамасы өз алаңында Дания командасымен ойнайтын болып шешілді.

Бұған дейін командалар бір-бірімен кездеспеген.

Матч 13-14 немесе 14-15 қыркүйекте өтеді. Қазақстан құрамасы Дания командасын жеңген жағдайда 2025 жылы ақпанда командалық іріктеу матчында сынға түседі.

Еске сала кетсек, биыл Юрий Щукин жаттықтыратын еліміздің бас командасы 3-4 ақпанда тартысты матчта Аргентинаға 2:3 есебімен есе жіберген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама