×

Шайх-Хасан Жазықбаев Қорғаныс министрінің орынбасары болды

Ол Ирактағы бітімгерлік операцияға қатысқан

 Дастан Жұмабекұлы 09.02.2024 | 11:44
Фото: gov.kz/Қорғаныс министрлігі

Мемлекет басшысының өкімімен Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Бұған дейін ол Қарулы Күштердің Бас штабы бастығының орынбасары болды.

Қазақстан армиясында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскери училище курсантынан бастап, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына дейінгі лауазымдық жолдан өтті. Әр жылдары ол жауынгерлік және бітімгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Бірнеше әскери бөлімдердің командирі, штаб бастығы – «Батыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

1999 жылы Пенза жоғары артиллериялық-инженерлік училищесін үздік бітірді.

2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабының Әскери академиясын аяқтады.

Ирак Республикасындағы инженерлік-саперлік жасақ құрамында бітімгерлік операцияға қатысты.

II дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама