×

Мектеп есепшісі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 09.02.2024 | 10:00
Фото: Halyq Uni

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл құқықбұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған. Алдын ала есеп бойынша, келтірілген шығын 90 млн теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасып жатыр.

Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігі 4-тармағы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша қылмыстық іс қозғап, Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолдады.

Осыған ұқсас факті Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 млн теңгеден астам шығынды өтеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама