×

Белгілі кәсіпкер Игорь Мажинов қайтыс болды

Игорь Мажинов 52 жасқа толуына бірнеше күн қалғанда жүрегіне ота жасау кезінде қайтыс болды.

 Халық үні 08.02.2024 | 22:45
Фото: time.kz

52 жасында танымал кәсіпкер, «Қайрат» ФК қамқоршылық кеңесінің төрағасы Игорь Мажинов қайтыс болды.  

Футбол клубының мәліметінше, Игорь Мажинов 52 жасқа толуына бірнеше күн қалғанда жүрегіне ота жасау кезінде қайтыс болды.

Игорь Мажинов 1972 жылы 24 ақпанда дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясында кандидаттық диссертация қорғаған (Мәскеу қ.).

«Vertex» ААҚ, «Альянс Банк» АҚ, «Достық қонақ үйі» АҚ, «ХОЗУ корпорациясы» ЖШС басшылық қызметтерді атқарған. «Bank RBK» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Ол сонымен қатар «Мегаспорт» футбол клубын («Астана» ФК) ұйымдастырушылардың бірі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама