×

Әзербайжан елін 20 жыл басқарған Ильхам Әлиев кезекті сайлауда тағы да жеңіске жетті

Ол 93,9% дауыс жинады

 Еркеғали Болатұлы 08.02.2024 | 09:00
фото: AFP

Ильхам Әлиев Әзербайжан президентін сайлауда халқының қолдауына ие болып, жеңіске жетті. Бұл туралы haqqin.az хабарлады.

Кеше кешке АҚШ-тың Oracle Advisory Group ұйымы Әзербайжанда өткен кезектен тыс президент сайлауының exit-poll нәтижелерін жариялады.

Деректерге сәйкес, қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Әлиев – 93,9%, Захид Оруж – 1,8%, Фазиль Мұстафа – 1,5%, Гудрат Гасангулиев – 1,2%, Рази Нұруллаев – 0,9%, Эльшад Мұсаев – 0,4% және Фуад Әлиев 0,3% дауыс жинады.

2003 жылдан бері билік басында отырған Ильхам Әлиевтің әзербайжандар арасында танымалдығы ел Таулы Қарабақты толық бақылауға алғаннан кейін артқаны мәлім.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама