×

Кабирханмен бәйге шап деген ұсыныс түссе, келісер едім - Бауыржан Мырзабаев

Кабирхан екі беделді жарыста жеңіске жетті

 Халық үні 07.02.2024 | 23:42

Танымал шабандоз Бауыржан Мырзабаев ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының YouTube арнасына берген сұхбатында Дубайда беделді бәйгеде жеңіске жеткен Кабирхан сәйгүлігін тақымдап, бәйге шапқысы келетінін жасырмады.

Әрине мұндай сәйгүліктер қазағымда көбейе берсе, болашақта бәйге шабамын деген ойым бар. Қарсы емеспін. Кабирхан екі рет бәйгені жеңді, қазір жылқының иесі мен бапкерінің не ойы барын білмедім.

Маған ұсыныс түссе, келісемін. Кабирханның жеңісі бөлек, менікі бөлек. Ал екеуміздікін қосқанда өте жоғары болып саналады ғой. Өйткені қазақтың аты - қазақтың баласы. Елдің жазып жатқан пікірі содан шығар, - дейді шабандоз. 

Айта кетейік, бұған дейін Кабирхан атты тұлпардың иесі Тілек Мұханбетқалиев Ұлттық спорт қауымдастығының YouTube арнасына сұхбат берген болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама