×

Ақмола облысында сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге 61 млн теңге бөлінді

Бұл қаржы 2017 жылдан бері бөлінбей келген

 Динара Амантай 07.02.2024 | 09:09
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге бюджет қаражатынан 61 млн теңге бөлінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекеттік органдардың негізгі міндеттерінің бірі – қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы өзге де шараларға ұшыраған, оның ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды азаматтық қоғамға қайтару мақсатында әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және құқықтық сипаттағы шаралар кешенін қолдану.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан пенитенциарлық жүйенің проблемаларына, бас бостандығынан айыру орындарын өтеп жатқан және одан босаған азаматтармен жұмыс істеуге ерекше назар аударады. Түрме тұрғындарын азайту және қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау институттарын дамыту бойынша шаралар іске асырылды.

Бұл мәселенің өзектілігіне қарамастан, 2017 жылдан бастап облыста үкіметтік емес ұйымдарға сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге қаражат бөлінбеген.

Осыған байланысты облыс прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдармен бірнеше рет жұмыс кездесулері өткізіліп, бұл мәселе облыстық прокуратурада өткен екі ведомствоаралық кеңесте көтерілді.

Нәтижесінде уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру арқылы биыл сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге бюджет қаражатынан 61 млн теңгеден астам ақша бөлінді.

ҮЕҰ-ның сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге қатысуы оларға материалдық көмекпен (ең қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді сатып алу, құжаттарды дайындау және т.б.) бірге психологиялық (психологтың қызметі, білім алу) көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама