×

СҚО-да үш адамның өліміне қатысты тың дерек белгілі болды

Полиция жаға ұстатарлық қылмысқа қатысты тағы бір күдіктінің ұсталғанын жеткізді

 Халық үні 06.02.2024 | 22:13
Фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір отбасының өліміне қатысты тың деректер мәлім болды. Полиция жаға ұстатарлық қылмысқа қатысты тағы бір күдіктінің ұсталғанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа жыл қарсаңында Петропавлдағы шағынауданнан 3 адамның мәйіті табылып, марқұмдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған болатын. Сол кезде тәртіп сақшылары қос сезіктінің қолға түскенін айтқан. Екі ай бұрын болған қанды оқиға бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр.

– Қылмыс жасалғаннан кейін 2 сағатта сезікті тұлғалар анықталып, абақтыға қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық сот-медициналық сараптама тағайындалып, қорытындысы шыққан соң, қылмыстық іс сотқа жолданатын болады, – деді СҚО Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама