×

Полиция «102» қызметіне тез хабарласудың тәсілдерін бөлісті

Өтініш берушіге сол өтініші бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлама жіберіледі

 Динара Амантай 06.02.2024 | 17:29
Фото: видеодан скриншот

Полиция қызметкерлері «102» нөміріне қоңырау шалу автоматты түрде жүріп, адами фактор болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осыған байланысты, телефонда дыбыстық сигнал естілгенде, қоңырауды өшірмеу қажет. Ол уақытта бағдарлама қоңырау шалушыны кезектің соңына техникалық түрде орналастырады.

Алгоритмге сәйкес, хабарлама аға офицердің жұмыс орнына жетеді. Ол GPS-ті басшылыққа ала отырып, шақыруға жақын жердегі патрульдік полиция экипажын жібереді, – делінген хабарламада.

Омниканал байланысы да бар. Ол полицияға кез келген ыңғайлы форматта хабарласуға мүмкіндік береді: сурет және бейнематериалдар қоса берілген мәтіндік хабарлама, аудио және бейне қоңырау арқылы хабарласуға болады.

Геолокация пайдаланушының орналасқан жерін анықтауға, қоңырауды қабылдауға және адам мекенжайды айтуға қиналған кезде де оған көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Қосымша жұмысының ашық болуы да маңызды. Өтініш берушіге сол өтініші бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлама жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама