×

Алматы әкімдігі дизельмен жүретін қоғамдық көліктерді қала шетіне шығарып тастады (ВИДЕО)

Қазір ол жерде 282 техника тұр

 Еркеғали Болатұлы 06.02.2024 | 17:18
фото: видеодан скриншот

«Алматыэлектротранс» ЖШС өзін компанияның бұрынғы қызметкерімін деп таныстырып, автобус «мазарын» таныстырып жатқан бейнероликке қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адам автобустардың жаңа екенін оны бүйіріндегі нөмірінен байқауға болатынын айтып тұр. Ал «Алматыэлектротранс» ЖШС-нің мәліметінше, Алматы ауасының сапасын жақсарту мақсатында қала әкімдігі арнайы жоспар бекітіп, дизель отынымен жүретін автобустарды газбен жүретін және электрлі автобустарға ауыстыру туралы шешім қабылдаған.

Осыған байланысты, жоба аясында 2023 жылы Алматы қаласының әкімдігі газ отынымен жүретін 600 жаңа автобус сатып алды. Ал дизель отынымен жүретін автобустар өңірлерге жіберіледі. Оларды өңірлерге жеткізу рәсімі біраз уақытты алады. Осыған байланысты дизельді автобустар, сондай-ақ ескі троллейбустар Алматы облысының Қайназар кентіндегі уақытша сақтау аумағына апарылды, - деп толықтырды «Алматыэлектротранс» ЖШС.

Қазір аталған орында 282 техника тұр:

  • 2012 жылғы 75 троллейбус;
  • 2017-2018 жылдардағы «ЛиАЗ» маркалы дизельді 133 автобус;
  • 2016-2017 жылғы «ГАЗель» маркалы дизельді 60 автобус;
  • 2018 жылғы «ПАЗ» («Вектор») маркалы дизельді 14 автобус.

Компания өкілдері уақытша сақтау аумағына есептен шығару және кейін сатуға өткізу үшін Жетіген кентінен де біраз автобус әкелінетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама