×

БҚО-да педагогтерге 250 млн теңгеден аса тиісті үстемақы төленбеген

Антикордың араласуымен кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 06.02.2024 | 10:47
Фото: БҚО СЖҚА баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мониторинг барысында Сырым ауданының педагогтеріне белгіленген міндетті 259 млн теңге үстемеақы төлемеу фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес, осы адамдарға ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақының 10% мөлшерінде үстемеақы белгілеу қажет.

Алайда Сырым ауданының білім бөлімі 2020-2023 жылдар кезеңінде 26 білім беру ұйымының 1 мың 195 қызметкеріне жалпы көлемі 259 млн теңге – ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақының 10% мөлшеріндегі үстемеақыны төлемеген, - делінген прокуратура хабарламасында.

Департаменттің араласуымен Сырым ауданының білім бөлімі тарифтік тізімге өзгерістер енгізіп, жалақыны қайта есептеді. Ал кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама