Президент депутаттардың келісімін алады
Бүгін сағат 15:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады, - деп хабарлады Ақорда.
Айта кетсек, кеше мемлекет басшысы Үкіметтің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойған еді. Ал премьер-министрдің міндетін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді. Одан кейін бұрынғы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандықтарға үндеу жасады.