×

Ақмолада балалар отырған микроавтобус жол апатына ұшырады

Жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды

 Халық үні 06.02.2024 | 07:20
фото: видеодан скриншот

Ақмола облысында балалар отырған микроавтобус жол апатына ұшырады. Салдарынан бір адам көз жұмып, 15 жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 4 желтоқсан күні «Көкшетау-Атбасар» тас жолының 128 шақырымында болған.

Анықталғандай, «Mercedes-Benz Sprinter» көлігінің 62 жастағы жүргізушісі қар тазалайтын көліктен айналып өту кезінде жолдың қарсы бағытында келе жатқан «Nissan Primera» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал, 15 жолаушы, оның ішінде 7 бала түрлі дене жарақатымен Сандықтау аудандық ауруханасына жатқызылды. 

«Қазіргі кезде «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу дерегі» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, бірқатар сараптамалар тағайындалды», - ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама