×

АҚШ Украина мен Израильді қолдауды күшейтеді

Сенат екі елге қаржылай қолдау жөніндегі заң жобасын мақұлдады

 Дастан Жұмабекұлы 05.02.2024 | 17:01
Фото: Ronen Zvulun/, Reuters

АҚШ Сенаты Украина мен Израильді қаржылай қолдау жөніндегі заң жобасын мақұлдады.

Құрама Штаттардың сенаторлары Украинаға, Израильге және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайтуға көмектесу мақсатында қаражат бөлу үшін жалпы сомасы 118 млрд долларлық қосымша қаржыландыру жөнінде қоспартиялық заң жобасына келісім берді.

Құжатқа сәйкес, Украинаны қолдауға 60,06 млрд доллар, Израильге қаражат жағынан көмектесуге 14,1 млрд доллар, Мексикамен шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 20,23 млрд доллар, АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы серіктестерін қолдауға 4,83 млрд доллар, Құрама Штаттардың орталық қолбасшылығына 2,44 млрд доллар мен Қызыл теңіздегі операцияларға 2,44 млрд доллар берілетін болады.

АҚШ президенті Джо Байден заң жобасын қолдап, Конгрестен оның қабылдануын кешіктірмеуді өтінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама