×

Еліміздің 4 облысында жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді

 Динара Амантай 05.02.2024 | 13:10
фото: alataunews.kz

Бүгін сағат 12:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақтөбе облысында 3 учаске:

  1. «Самара-Шымкент» – 776-965 шақырым, ЭКО Ойл ЖҚС-Қарабұтақ кенті – 189 шақырым;
  2. «Самара-Шымкент» – 965-1 153 шақырым, Қарабұтақ кенті-Ырғыз кенті – 188 шақырым;
  3. «Самара-Шымкент» – 1 153-1 240 шақырым, Ырғыз кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейін – 87 шақырым.

Қостанай облысында 1 учаске: 

  1. «Жезқазған-Петропавл» – 252-335 шақырым, Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін – 83 шақырым.

Қызылорда облысында 1 учаске:

  1. «Самара-Шымкент» – 1 240-1 360 шақырым, Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін – 120 шақырым.

Ұлытау облысында 1 учаске:

  1. «Жезқазған-Петропавл» – 137-252 шақырым, Ұлытау ккентінен Қостанай облысының шекарасына дейін – 115 шақырым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама