×

Биыл инженерлік желілерді жөндеуге 450 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

Үкімет еліміздің бүкіл тұрғын үй-коммуналдық саласын ауқымды жаңғыртуды іске асырып жатыр

 Динара Амантай 05.02.2024 | 12:13
Фото: primeminister.kz

2024 жылы елімізде инженерлік желілерді жөндеуге 450 млрд теңгеден астам инвестиция салынады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет еліміздің бүкіл тұрғын үй-коммуналдық саласын ауқымды жаңғыртуды іске асырып жатыр. Мәселен, 2023 жылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 500 млрд теңге, оның ішінде бюджет есебінен 327 млрд теңге бағытталды. Нәтижесінде бірқатар ірі жылу көздері мен 5,8 мың шақырым инженерлік желілер жөнделді. Биыл бұл мақсаттарға 450 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 6,5 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді.

Жалпы, жүргізіліп жатқан тарифтік реформаның арқасында 2029 жылға дейін 62 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғырту және тозуды 20%-ға азайту үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл коммуналдық инфрақұрылымды нормативтік жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама