×

БҚО-да өз үйінен ер адамның денесі табылды

Шамамен сағат 09.00-де өз үйінен көптеген жарақатпен ер адамның мүрдесі табылды

 Халық үні 04.02.2024 | 20:33
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында өз үйінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Оқиға 3 ақпан күні Бәйтерек ауданы Достық ауылында болған.

«Шамамен сағат 09.00-де өз үйінен көптеген жарақатпен ер адамның мүрдесі табылды. Алынған іс-шаралардың нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 1990 жылғы тұрғын анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша арақ ішу барысында ер адамдар арасында жанжал шыққан», - делінген ақпаратта.

Күдікті кінәсін мойындап, жауап берді.

«Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабының тәртібімен Приурал полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдарын Приурал полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама