×

Қар, тұман, көктайғақ: 4 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Батыс аймақтарда көктайғақ болады 

 Халық үні 04.02.2024 | 07:47
фото: Halyq Uni

Қазгидромет синоптиктері 4 ақпан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Синоптиктердің болжамынша қар аралас боран болады. Еліміздің батыс аймақтарында жаңбыр аралас қар түседі.

ҚР бойынша тұман шөгіп, жел күшейеді. Батыс аймақтарда көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама