×

Былтыр 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша тексеру жүргізілді

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады

 Динара Амантай 02.02.2024 | 16:35
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президентке Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.

Наталья Годунованың айтуынша, есеп беріліп отырған кезең ішінде 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша 208 нысанға 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген.

Сонымен қатар президентке өткен жылдың 4-тоқсанында аяқталған жекелеген аудиторлық тексеру жұмыстарының қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ресурсының жұмсалу тиімділігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның жаңа өкілеттіктерін іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама