×

Түркістан облысында қасқыр мен шибөрі малшылардың мазасын қашырып отыр

Онда оқ атуға тыйым салынған

 Еркеғали Болатұлы 02.02.2024 | 15:55
фото: kuban.kp.ru

Түз тағылары малшы ауылдарға маза бермей тұр. Топтасқан жыртқыштар Отырар ауданындағы елді мекендердің жайылымда жүрген төрт түлігіне шапқан.

Сырдария өзенінің жағасынан күн сайын малдың өлексесін тауып алып жатырмыз, - дейді ауыл тұрғындары.

Қыстақтардағы малшылар да түз тағыларының жылқылар мен ірі қараларға ауыз сала бастағанын айтады. Жергілікті халық аш бөрілер мен шибөрілерді өздігінше ата алмай отыр. Себебі олардың жүретін аумағы «Сырдария-Түркістан» ұлттық паркіне қарайды. Онда оқ атуға тыйым салынған.

Қасқырлармен күресуге шамасы жетпеген шаруалар енді жергілікті биліктен көмек сұрап отыр.

Қазір ауданда осы жағдайға байланысты арнайы штаб құрылып, жыртқыштарды атуға рұқсат алу мәселесі қарастырыла бастаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама