×

Маңғыстау облысында құны 1,1 млрд теңге болатын жерлер қайтарылды

Олар Каспий теңізінің жағалауында орналасқан

 Дәурен Ерболат 01.02.2024 | 17:56
Фото: lada.kz

Маңғыстау облысында құны 1,1 млрд теңге болатын жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Биыл Қарақия ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 млрд теңге, ауданы 696,8 гектар болатын 3 учаске игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ талдау нәтижесінде Ақтау қаласының аумағында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін заңсыз пайдаланудың 61 дерегі анықталды.

Бұдан бөлек, Маңғыстау облысы бойынша 57 шаруа қожалығының 44 850 гектар болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз пайдалану фактілері белгілі болды.

Осыған байланысты кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту және жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару үшін облыс прокуратурасы прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама