×

Абат Айымбетов Түркияның клубына ауысуы мүмкін – БАҚ

Қысқы трансфер 9 ақпанда жабылады

 Дастан Жұмабекұлы 01.02.2024 | 12:01
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Түркия ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Адана Демирспор» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысын сатып алуы мүмкін.

Telegram-дағы Sportqazaq арнасының мәліметіне қарағанда, футболшы бүгін түнде Түркияға жолға шыққан. Ол Анадолы елінде медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қоюы ықтимал.

Түркияда қысқы трансфер кезеңі 9 ақпанда жабылады. Сондықтан еш қиындықсыз үлгеруге болады, – делінген хабарламада.

«Ақтөбе» клубының басшылығы да Айымбетовті команда қатарынан көргісі келеді. Бірақ футболшы биылғы маусымнан бастап шетелде ойнағысы келеді екен. Сол үшін ол «Астана» клубымен бірге Біріккен Араб Әмірліктеріндегі оқу-жаттығуға бармапты.

Еске сала кетсек, Абат Айымбетов «Ақтөбе» клубында 2012-2019 жылдары ойнаған. Одан кейін бір жыл Алматының «Қайрат» командасында доп теуіп, Ресейдің «Крылья Советов» жасағының жейдесінде алаңға шыққан. Ал 2021 жылдан бері ол «Астана» клубының намысын қорғап келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама