×

Бір айда шекара заңнамасын бұзған 2,7 мыңнан аса адам ұсталды

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ

 Динара Амантай 01.02.2024 | 10:25
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Шекара қызметі 2024 жылғы қаңтардағы іс-қимыл нәтижелерін жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы қаңтарда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 2 776 адамды ұстады.

Оның ішінде:

  • 13 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
  • 19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

Сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы 881 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.

Оның ішінде:

  • 50 – есірткі заттарын (жалпы салмағы 3,3 келі);
  • 25 – ату қаруы мен оқ дәрілер (15 дана ату және 1 451 дана суық қару, 101 дана оқ-дәрі);
  • 47 – діни әдебиет (1 757 дана);
  • 281 – жалпы сомасы 9 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (37 600 литр);
  • 408 – халық тұтынатын, жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден асатын тауарлар;
  • 70 – жалпы сомасы 940 млн теңгеден астам валюта.

Каспий акваториясында 2 браконьерлік фактілерінің алды алынды.

Оның ішінде:

  • жалпы ұзындығы 900 метр торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
  • 3 дана (12 келі) бекіре тұқымдас балық;
  • 2 дана итбалық тәркіленді.

Алды алынған залал мөлшері – 6 млн теңге.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ. Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама