×

Бір тәулікте 70-ке жуық өрт болды

158 адам эвакуацияланды

 Динара Амантай 01.02.2024 | 09:23
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Елімізде бір тәулікте 70-ке жуық өрт болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан ТЖМ күштері 153 жедел шығу жасады. Оның 69-ы өрттер мен жану оқиғаларына, 84-і іздестіру, апаттық-құтқару және басқа да жұмыстарға шыққан. Бұл ретте 158 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтап, дабылды ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама