×

Елімізде бюджеттік саладағы 850 мыңнан астам қызметкердің жалақысы көтеріледі

Жалпы алғанда 1,1 млн қызметкердің еңбекақысы өсетін болады

 Динара Амантай 26.05.2022 | 15:58
Фото: Halyq Uni

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы бюджеттік саланың 850 мың қызметкерін қамтитын болады. Бұл туралы Парламент Сенатында өткен жиында вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Сенатта «Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарының орындалу барысы туралы талқылау кезінде Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 850 мың бюджеттік саланың еңбекақысын арттыру жоспарланып отырғанын айтты.

Бағдарламаның маңызды бөлігі жаңа экономикалық өсімге арналған. Азаматтардың жұмысқа орналасуына жағдай жасау, сонымен қатар жаңа дағдылар мен кәсіптерге ынталандыратын жанама әрекеттер қамтылған. 1,1 миллионнан астам қызметкердің еңбекақысының өсуін ескере отырып, оның ішінде бюджеттік саладағы 850 мыңнан астам қызметкердің лауазымдық жалақысы көтеріледі. Дәрігерлердің жалақысы 320 мыңнан 531 мың теңгеге, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 173 мыңнан 250 мың теңгеге дейін өседі, – деп мәлімдеді Ералы Тоғжанов.

Сонымен бірге Премьер-министрдің орынбасары 2022 жылдың сәуір айынан бастап «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының өндірістік персоналына жататын 258 мың адамның жалақысы 5%-дан 48%-ға дейін өскенін еске салды.

Бұған қоса Тоғжановтың айтуынша, қордың ішкі резервінен қызметкерлердің кірісін арттыру жұмыстары жалғасады. Атап айтқанда, жыл соңына дейін тағы төрт кәсіпорындағы өндіріс қызметкерлерінің жалақысы 5%-дан 18%-ға дейін көбейеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама