×

Рафаэль Надальдің ракеткасы 118 206 долларға сатылды

Теннисші онымен 2007 жылы Новак Джоковичке және Роджер Федерерге қарсы ойнаған

 Дастан Жұмабекұлы 31.01.2024 | 15:05
Фото: championat.com

Испанияның атақты теннисшісі Рафаэль Надальдің «Ролан Гаррос-2007» турнирінде қолданған ракеткасы аукционда 118 206 долларға сатылды.

Бұл ракеткамен Надаль 2007 жылы өткен турнирдің жартылай финалында Новак Джоковичке, одан кейін финалда Роджер Федерерге қарсы ойнаған.

Әзірше Рафаэль Надальдің 2022 жылы өткен Аустралияның ашық чемпионатында ойнаған ракеткасы аукционда сатылған ең қымбат ракетка болып отыр. Оның ракеткасы 139 700 АҚШ долларына сатылған.

Билли Джин Кингтің ракеткасы да акционда қымбат бағаға бағаланған. Оның ракеткасы 125 мың долларға жаңа иесін тапқан. Ал Новак Джоковичтің «Ролан Гаррос-2016» турнирінде қолданған ракеткасы 107 482 долларға сатылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама