×

АҚШ шетелге қару-жарақ сату бойынша рекорд жасады

Әскери техниканы негізгі сатып алушылардың бірі – Польша

 Дастан Жұмабекұлы 31.01.2024 | 14:51
Фото: flickr.com

АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, Құрама Штаттардың 2022 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 30 қыркүйегі аралығында қару-жарақ сату және шетел Үкіметтеріне әскери қызмет көрсету операцияларына бөлген қаражаты айтарлықтай өсті. Олардың жалпы құны 56 пайызға жетіп, 81 млрд доллар болды.

Қалған 157,5 млрд доллар америкалық әскери-өнеркәсіптік компаниялардың өз тұтынушыларына қаруды тікелей сатуынан түскен.

АҚШ-тың қару-жарағын негізгі сатып алушылардың бірі – Польша. Бұл ел Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін Еуропадағы ең қуатты армия құруды алдына мақсат етіп қойып отыр.

Польша 12 млрд долларға Apache тікұшақтарын, 10 млрд долларға HIMARS зымырандық жүйелерін, 3,75 млрд долларға M1A1 Abrams танктерін, 4 млрд долларға әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін сатып алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама