×

Канвон-2024: керлингтен ұлттық құрама алғашқы жеңісіне жетті

Ибрагим мен Мерей Тастеміровтер Италияның өкілдерінен басым түсті

 Дастан Жұмабекұлы 31.01.2024 | 12:11
Фото: Шамкен Байырбек

Оңтүстік Кореядағы Канвон провинциясының Каннын қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында керлингтен ұлттық құрама алғашқы жеңісіне жетті.

Ибрагим, Мерей Тастеміровтер Италияның өкілдері Виттория Майори мен Эллиа Энчелаттиден 10:2 есебімен басым түсті.

Бүгін Қазақстан құрамасы Дания командасынан 3:15 есебімен жеңіліп қалды.

Қазір Қазақстан делегациясы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 18-сатыда тұр.

Елімізге алғашқы алтын жүлдені Илья Мизерных сыйласа, шорт-трекші Полина Омельчук пен хоккейден ұлттық құрама қола медаль жеңіп алған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама