×

Украинадағы қақтығыстың салдарынан 70 елде дефолт болуы мүмкін – БҰҰ

Көптеген дамушы елдердің экономикасы дағдарысқа ұшырай бастады

 Динара Амантай 26.05.2022 | 15:30
Фото: Halyq Uni

Дауостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда экономистер Украинадағы қақтығыстың салдарынан әлемде болып жатқан азық-түлік және энергетика дағдарысының дамушы елдердің экономикасына әсерін талқылады.

БҰҰ Даму бағдарламасының басшысы әлемдегі инфляцияға байланысты дефолт қаупі үдей түскенін айтты.

Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты инфляция мен пайыздық мөлшерлемелердің өсуі 70 елде дефолтқа әкелуі мүмкін, – деп мәлімдеді БҰҰ Даму бағдарламасының басшысы Ахим Штайнер.

The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, Штайнер БҰҰ-ының дағдарысқа қарсы әрекет жасайтынын, бірақ көптеген дамып келе жатқан экономикаларда ақша қалмағанын атап өтті.

Азық-түлік дағдарысын шешу үшін Ресей мен Украинадан дәнді дақылдарды жеткізуге тосқауыл қою ұсынылды.

Тағы оқи отырыңыз: Молдовада Путиннің досы сотқа жеткізілді. Ресей әскері Донецк облысының 3 қаласын басып алды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама