×

Молдовада Путиннің досы сотқа жеткізілді

Ол қылмыстық істің саяси астары бар екенін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 26.05.2022 | 14:14
фото: ria.ru

Бүгін Кишиев қаласының сотына қамауға алынған Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон жеткізілді.

Бұл туралы «Новости» РАА хабарлады.

Мұның алдында елдің бұрынғы президенті, Ресейге бүйрегі бұрып тұратын саясаткер Игорь Додон жемқорлыққа байланысты және Отанға опасыздық жасағаны үшін қозғалған қылмыстық іс бойынша 72 сағатқа қамалған болатын, – делінген хабарламада.

Қолда бар мәліметке қарағанда, онымен бірге құдасы Петру Мериняну да қамауға алынды. Қамауға алынар алдында екеуінің үйлеріне тінту жүргізілді. Тінту жемқорлық туралы, қылмыстық ұйымдар арқылы саяси партияны қаржыландыру, мемлекетке опасыздық жасау және заңсыз баю баптарында қарастырылған қылмыстарға күдік білдіру бойынша көтерілген қылмыстық істің шеберінде болды.

Осыдан кейін тінту «Молдова-Ресей іскерлік одағы» ассоциациясының штаб-пәтерінде жүргізілді.

Игорь Додон ұсталып жатқанда өзінің Ресейге кетіп қалу ойы мүлдем болмағанын айтты. Ал бүгін сотқа бара жатқанда да өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істің саяси астары бар екенін мәлімдеді.

Додон Молдованы 2016-2020 жылдар аралығында президент болып басқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Президент Төтенше жағдайлар министрін тағайындады

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
10.06.2023 | 15:14

Үржар ауданында 2,6 млрд теңге жұмсалған су құбырлары толық тартылмаған

Жұмыс орындалып, бөлінген сома толық игерілді деген актіге қол қойылған
10.06.2023 | 14:24

«SCAT» компаниясы Пәкістанға әуе рейстерін ашады

Әуе кемелері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады
10.06.2023 | 13:18