×

Ресей әскері Донецк облысының 3 қаласын басып алды

Украина Қорғаныс министрлігі мұны «уақытша жетістік» деп отыр

 Еркеғали Болатұлы 26.05.2022 | 12:23
фото: ашық дереккөз

Луганск облысының 95 пайызын Ресей өз бақылауына алған. Бұл туралы аймақтық әскери әкімшілік басшысы Сергей Гайдай мәлімдеді.

Жергілікті журналистер Лисичанск пен Бахмут арасындағы жолдың зымыранмен атқыланғанын хабарлады. Бұл стратегиялық жағынан маңызды жол. Ол арқылы үлкен қалаларға гуманитарлық жүк жеткізілетін. Украина Қорғаныс министрлігінің өкілі Александр Мотузяниктің айтуынша, украин әскері бұл жолды өздерінің бақылауында ұстап отыр екен. Оған жанама жолдар да бар көрінеді.

Ал Кремльдің хабарлауынша, Мариупольдегі теңіз айлағын қалпына келтіру жұмысы басталған. Қазір аумақты минадан тазарту ісі жүріп жатыр. 5 шетелдік кеме теңізге шыққан. Сондай-ақ Ресейдің Сыртқы істер министрлігі «Азовсталь» зауытына бекініп, кейін берілген украин сарбаздары үшін халықаралық әскери трибунал болатынын жеткізді.

Дәлдігі жоғары зымырандар арқылы Запорожье қаласындағы «Мотор Сич» зауыты талқандалды. Бұл жерде Украина авиациясы мен ұшқышсыз ұшу құралдары үшін әуе қозғалтқыштары шығарылатын, - дейді РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков.

Оның әріптесі Мария Захарова да «Донецк халық республикасының» үкіметі «Азовстальда» болған «ұлтшылдар» үшін халықаралық трибунал өткізуді жоспарлап отырғанын алға тартты. Сондай-ақ ол қазір жарғысы жасалып жатқан ол бастаманы РФ Қорғаныс министрлігінің қолдайтынын жеткізді.

Алайда Украина Қорғаныс министрлігі мұны «уақытша жетістік» деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама