×

Маңғыстау облысында аудандық білім бөлімінің басшысы жауапқа тартылды

2 мың адамның құқығы қорғалды

 Динара Амантай 30.01.2024 | 17:55
Фото: Halyq Uni

Мұнайлы ауданының прокуратурасы білім беру мекемелерінің 2 мыңнан аса жұмысшылардың, оның ішінде 6 мүмкіндігі шектеулі тұлғаның конституциялық (еңбек) құқығын қорғады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талдау барысында аталған тұлғалардың еңбек шарттарында еңбек заңнамасының талаптарына қайшы жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы көрсетілмегені анықталды.

Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес, мүгедектігі бар жұмысшыларға аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген. Бұл талаптарды бұза отырып, 6 мүмкіндігі шектеулі адамға 8 сағаттық жұмыс кестесі бекітілген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Осы факті бойынша Маңғыстау облысының еңбек инспекциясына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Қазір барлық заң бұзушылықтар жойылып, аудандық білім бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама