×

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров екінші мерзімге сайлауға түседі

Еліміз алдағы 3 жылда көп өзгеріске куә болады, – деді Үкімет төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов

 Дастан Жұмабекұлы 30.01.2024 | 15:54
Фото: nlkg.kg

Қырғызстан Үкіметі төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов қазіргі іс басындағы президент Садыр Жапаровтың екінші президенттік мерзімге сайлауға түсетіні туралы айтты. Бұл ақпаратты Қырғыз Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов растады.

Біздің президент екінші рет сайлауға түседі. Оған Конституция бойынша рұқсат берілген. Ол қолға алған жұмысын жарты жолда қалдырып кетпейді. Халық та іс басындағы мемлекет басшысын қолдайды деп ойлаймын. Қырғыз елі алдағы 3 жылда көп өзгерістерге куә болады, – деді ол  Youtube-дегі «Эксперттер талдайт» бағдарламасында.

Дегенмен президент Садыр Жапаров та, Президент әкімшілігі де вице-премьердің сөзін растаған жоқ.

Бұған дейін Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев те ақпаратты растаған болатын.

Қырғызстан Конституциясына 2021 жылы енгізілген өзгерістер бойынша, Қырғызстан президенті болып бір адам 5 жылдан екі мерзімге сайлана алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама