×

Өзбекстан халқының саны 40 млн адамға жуықтады

Елде ерлер әйелдерден, қала тұрғындары ауыл азаматтарынан көп 

 Дастан Жұмабекұлы 30.01.2024 | 11:02
Фото: Reuters

Өзбекстан Республикасының Статистика агенттігі халық санын жариялады.

1 қаңтардағы жағдай бойынша Өзбекстан халқының саны 36,8 миллион адам болды.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда, қазір елде әйелдер саны – 18,3 млн, ерлер саны – 18,5 млн. Қала тұрғындары – 18,8 млн, ауыл тұрғындары – 18,0 млн адам.

Былтыр Өзбекстанға 218 800 адам көшіп барса, 233 200 адам елден көшіп кеткен. Соған қарамастан Орталық Азия ғана емес, ТМД кеңістігінде бала туу бойынша өзбек елі басқа мемлекеттерден әлдеқайда көш ілгері болып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама