×

Қазақстандық тағы бір ауыратлет қайтыс болды

29 қаңтарда ауыратлет Вячеслав Ершов өмірден өтті.

 Халық үні 30.01.2024 | 06:33
Фото: Қазақстан ауыр атлетика федерациясы

2016 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған қазақстандық ауыратлет Вячеслав Ершов қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады.

« Ол 2006 жылы Дохада Азия ойындарының чемпионы болған, әлем чемпионатына қатысушы. Ел біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы. ҚР Ауыр атлетика федерациясы Вячеславтың жақындарына қайғыра көңіл айтады», - делінген ақпаратта.

Вячеслав Ершов 2013 жылы Мая Манезамен отау құрған. Екі баласы бар. Өмірден қалай өткені туралы ақпарат жоқ. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама