×

Ақмола облысында экс-полицей мемлекетке 400 млн теңге шығын келтірген

Қылмыстық істің мән-жайы анықталып жатыр

 Дәурен Ерболат 29.01.2024 | 16:40
Фото: kolesa.kz

Ақмола облысында шетелдік көліктерді заңсыз рәсімдеген бұрынғы полиция қызметкері жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Қылмыстық істі агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті тергеп жатыр.

Тергеу материалдарына сәйкес, жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын пайдалана отырып, 55 көлік заңсыз есепке қойылған.

Бастапқы тіркеу үшін алымды төлемеу салдарынан мемлекетке 401,3 млн теңге залал келген.

Қылмысты ұйымдастырушы топ Ақмола облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы аға инспекторымен бірігіп, 2020 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қаңтар аралығында тиісті төлемдерді төлемей, электронды өтінімдерді бекіту, жалған төлем құжаттарын пайдалану арқылы шетелден әкелінген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған, - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама