×

Өткен тәулікте ел бойынша 65 өрт болды

13 адам эвакуацияланды

 Динара Амантай 29.01.2024 | 11:51
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бір күнде ел бойынша 65 өрт болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 120 жедел шығу жасады. Оның 65-і өрттер мен жану оқиғаларына, 55-і іздестіру, апаттық-құтқару және басқа да жұмыстарға барған. Бұл ретте 13 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтап, дабылды ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама