×

Қазақстанда бақылауға жататын есірткінің тізімі жаңартылды

Қаулы 6 ақпанда күшіне енеді

 Дәурен Ерболат 29.01.2024 | 11:13
Фото: rbc

Елімізде бақылауға жататын есірткі мен психотропты заттардың тізімі жаңарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкіметтің қаулысына сәйкес, төмендегі дәрілер есірткі тізіміне жатқазылды:

  • Брорфин;
  • Пара-флуорофентанил (пара-фторфентанил);
  • Метонитазен.

«Психотропты заттарға» төмендегілер жатқызылды:

  • 3-метоксифенциклидин;
  • Эутилон.

Медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылауға жататын есірткі мен «психотропты заттар» тізімі де жаңарды:

  • Клоназолам;
  • Диклазепам;
  • Флубромазолам.

Үкіметтің қаулысы 2024 жылғы 6 ақпанда күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама