×

Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегінің күні мен орны белгілі болды

Келісімшарт қазірдің өзінде қолымызда, - дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 28.01.2024 | 14:46
фото: meta-ratings.kz

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов 2024 жылдың наурыз айында кезекті жекпе-жегін Тайландта өткізеді, деп хабарлады Prosports.kz.

Келесі жекпе-жек наурыз айының басында өтуі керек. Келісімшарт қазірдің өзінде қолымызда... Дәл сол себепті мен Тайландта осы жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Нақты уақытты және қарсыласты кейінірек хабарлаймыз. Бірақ қарсылас үміткерлердің арасында қазірдің өзінде қызықты есімдер бар, олармен келіссөздер жүргізілуде, - деді Хамитов.

Қуат Хамитов (26-7-2) алдыңғы жекпе-жегін 2023 жылдың 19 мамырында Алматыда өткізіп, Hardcore MMA 62 турнирінде бірауызды шешіммен грузиялық Залимхан Юсуповты (19-15) жеңген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама