×

Елордада қар күреуге 2,3 мыңнан аса жұмысшы жұмылдырылды

Қаладан 27 240 текше метр қар шығарылған

 Еркеғали Болатұлы 28.01.2024 | 10:25
фото: Halyq Uni

Елордалық коммуналдық қызмет тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Қар тазалау жұмыстарына 2 335 жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

27 қаңтарда таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 335 жол жұмысшысы мен 1 442 арнайы техника шыққан.

Өткен түнде қаладан 27 240 текше метр қар шығарылды, бұл – 2 206 ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс мезгілінде елордадан 3 миллион текше метрге жуық қар шығарылды, яғни полигондарға жүк көлігімен 218 465 рейс жасалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама