×

Теміртау қаласының маңында 16 көлік соқтығысты

Жол апаты салдарынан 2 адам жарақат алды

 Халық үні 28.01.2024 | 07:30
Фото: darakchi.uz

Ауа райының қолайсыздығынан Теміртау қаласының маңында 16 көлік соқтығысып қалды, - деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Соқтығысқан көліктер арасында Алматыдан Астанаға қатынайтын автобус та бар. Жол апаты салдарынан 2 адам жарақат алды. Олар Теміртау қаласының ауруханасына жеткізілді.

Ақ түтек боран салдарынан Қарағандыдан Теміртауға дейінгі аралық уақытша жабылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама