×

Алматы облысында дәнекерлеу цехы өртенді

Сөндіру жұмыстарына 40-тан аса адам жұмылдырылды

 Динара Амантай 27.01.2024 | 14:18
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысында дәнекерлеу цехындағы өрт сөндірілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кезекші бөлімге Талғар ауданы Белбұлақ ауылында дәнекерлеу цехының жанғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілді. Қабылданған шаралардың арқасында лак-бояу өнімдері сақталған қойманың барлық алаңына және жақын орналасқан жеке тұрғын үйге оттың тарауына жол берілмеді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның 39 қызметкері мен 13 техникасы, Алматы қаласы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама