×

Белгілі қаламгер Жылқыбай Жағыпарұлы өмірден өтті

Ол қазақ журналистикасының қайраткері еді

 Халық үні 26.01.2024 | 21:53
фото: Астана Ақшамы

Белгілі журналист, жазушы Жылқыбай Жағыпарұлы дүниеден өтті. 

Жылқыбай Жағыпарұлы 1954 жылдың 11 қыркүйегінде Қарағанды облысы, Қарқаралы топырағында дүниеге келді. Абай атындағы Қазақ  педагогикалық  институтының тарих факультетін  бітірген соң Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде 30 жылға жуық жемісті еңбек етті.  

Республикалық «Тіл және мәдениет» қоғамының құрылуына мұрындық болып, ұйымдастыру комитетінің төрағасы болды. 2005-2007 жылдары республикалық «Ел» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқарды. 2007 жылдан бастап, зейнет жасына жеткенге дейін республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде  қызмет атқарды.

Қазақстан Жазушылар және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Жылқыбай Жағыпарұлы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама