×

Алматыдағы жер сілкінісі: сапасыз тұрғын үйлердің тізімі жарияланды

Онда 45 тұрғын үй кешені бар

 Дәурен Ерболат 26.01.2024 | 16:46
Фото: Halyq Uni

Алматыдағы жер сілкінісінен соң сапасыз тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды, деп хабарлады қала құрылысын бақылау басқармасы.

Тізімге құрылысы әлі басталмаған, рұқсат құжаты жоқ нысандар да кірген.

Басқарма алматылықтарға тізімдегі 45 тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алуға кеңес бермейді.  Бұл үйлерде құрылысқа рұқсат берілген құжат толық емес және басқа заң бұзушылықтар анықталған. Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp желісі бойынша тұрғын үй кешені (ТҮК) құжатының бар-жоғына көз жеткізуге кеңес береміз, - деп жазылған хабарламада.

Алмалы ауданы:

  • Auezov Apartaments ТҮК;
  • Tole BI Residence ТҮК.

Алатау ауданы:

«Питтсбург» ТҮК;

  • ORDA CITY КПТҮ;
  • Dostar Deluxe КПТҮ.

Наурызбай ауданы:

  • Apple Park ТҮК
  • «Люксембург» ТҮК
  • «Мұнартау» ТҮК
  • Таунхаус, мекенжайы: Қарағайлы шағынауданы, 2-бөлімше;
  • Sofia Village коттедж қалашығы;
  • Flora ТҮК;
  • Lantana ТҮК;
  • «Французский дом» ТҮК;
  • КПТҮ мекенжайы: Кенесары хан к-сі, 98 уч.
  • Қарағайлы шағынауданы, Құралай көшесі, 37-үй бойынша блокталған үй.

Бостандық ауданы:

  • «Баганашыл» КПТҮ;
  • «Швейцария» ТҮК;
  • Rich клуб үйі;
  • Khan клуб үйі;
  • Graff ТҮК;
  • Ерменсай шағынауданы, Жәңгір хан көшесі, 46 мекенжайындағы КПТҮ
  • Pine Hills клуб үйі;
  • Клуб үйі: Нұр-Алатау шағынауданы, Қ. Тауасарұлы к-сі, 71/21 үй;
  • Асқар тау шағынауданы, Жансая көшесі, 17б мекенжайындағы блокталған үй;
  • EVIM NOVO ТҮК;
  • «Баракат» ТҮК;
  • Ерменсай шағынауданы, Жәңгір хан көшесі, 39, 41 мекенжайындағы таунхаус;
  • Клуб үйі: Нұр Алатау шағынауданы, Баязитова к-сі, 13-уч;
  • Клуб үйі: Әл- Фараби, 128/3 уч.

Медеу ауданы:

  • Sky Club House клуб үйі;
  • Priority клуб үйі;
  • Sky Park ТҮК;
  • «Мечта» таунхаусы;
  • Достық даңғылы, 170/1 мекенжайындағы ТҮК;
  • Maison клуб үйі;
  • Demeu Residence клуб үйі;
  • Pine Hill Residence клуб үйі;
  • Alma Garden клуб үйі;
  • Chelsea Club House клуб үйі;
  • Domino Life ТҮК;
  • Monterosa КПТҮ
  • 3-көше, 12-участок мекенжайдағы таунхаус;
  • Оспанов көшесі, 89/10 мекенжайдағы таунхаус;
  • Нұрмағамбетов көшесі, 374/1, 18 мекенжайдағы КПТҮ.

Еске салайық, биыл 23 қаңтарға түні Алматыда жер сілкінген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама