×

Астанада автобус паркінің 7 лауазым иесі жауапкершілікке тартылды

33 адам қоғамдық көлікті телефонға қарап отырып жүргізген

 Дастан Жұмабекұлы 25.01.2024 | 11:51
Фото: gov.kz/ Астана қаласының әкімдігі

Астанада «Автобус» алдын алу іс-шарасы кезінде 667 автобустың қызметі тексерілді, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Тексерудің нәтижесі бойынша автобус парктерінің 7 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге 127 әкімшілік бұзушылық анықталды. Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 2 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 8 адамның автобусты рұқсатсыз қайта жабдықтағаны анықталды.

Сондай-ақ 33 адамның қоғамдық көлікті телефонға қарап отырып жүргізгені белгілі болды. 32 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзған. Бұған қоса, күндізгі уақытта полицейлер «Шевроле Кобальт» маркалы такси жүргізушісін тоқтатып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша хаттама толтырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама