×

Канвон-2024: Қазақстан хоккейшілері қола жүлдені жеңіп алды

Қазір спортшылар Олимпиадада 1 алтын, 2 қола жүлде иеленіп отыр

 Дастан Жұмабекұлы 25.01.2024 | 10:30
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан спортшылары тағы бір жүлде жеңіп алды. Бұл жолы хоккейден құрама команда қола медаль үшін ойында Аустрия құрамасын 6:5 есебімен жеңіп, 3-орын иеленді.

Бұл матч қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 пішінінде болды. Онда команда құрамында Темірлан Айболұлы, Бексұлтан Мақыш, Арсений Кучковский, Әділхан Саттар, Никита Кулаков, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Арман Төлен, Жахангер Тілеухан, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров пен Әнуар Ахметжанов мұз айдынына шықты.

Қазір спортшылар Олимпиадада 1 алтын, 2 қола жүлде иеленіп отыр.

Ақ Олимпиадада конькимен жүгіруден де жарыс болып, Руслан Жанәділов пен Кристина Шумекова жүлдеге іліге алмады. Олар аралас эстафетада 1/2 финалда қателік жіберіп, жүлдеден тыс қалды. Ал финалда Қытай спортшыларына тең келер ешкім болмады. Екінші орынды Оңтүстік Корея спортшылары алса, Нидерланд өңілдері мәреге үшінші болып жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама