×

Пеленің «өгей қызы» даңқты футболшының мәйітін қайта қазып алуды талап етті

Пеле оның анасымен көңіл қосып, көп ұзамай ажырасып кеткен

 Еркеғали Болатұлы 24.01.2024 | 15:57
фото: terrabrasilnoticias.com

Футболдан әлемнің үш дүркін чемпионы Пеленің денесі бір жылдан соң эксгумациялануы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Өзін футболшының некесіз туған қызымын деп таныстырған 60 жастағы Мария до Сокорро Азеведо марқұмның денесін қайта қазып алып, ДНҚ сараптамасын жасатпақ.

Айта кетейік, бразилиялық футболшы 2022 жылдың желтоқсанында 82 жасында дүниеден озған еді. Ол Сантостағы биік зиратта жерленген.

Пеле өмірінде үш рет үйленген. Оның 6 баласы, 1 өгей қызы болған. Пеле өмірден өтер кезде мұрасының 30%-ын жесірі Мария Аокиге өсиет етіп қалдырды. 12%-ын немересіне, 60%-ын балаларына бөлді.

Мария до Сокорро Азеведоның айтуынша, футболшы өзінің некесіз қызы барын білмеген. Пеле оның анасымен көңіл қосып, көп ұзамай ажырасып кеткен. Ол кезде Марияның анасы жүкті екенін білмеген.

Мария до Сокорро Азеведо өзін футболшының қызымын деп жариялаған соң Пеленің екі баласы генетикалық сараптама жасатуға келісті. Алайда оның нәтижесі теріс болып шықты. Марияның адвокатының айтуынша, сараптама қорытындысы теріс нәтиже көрсетсе де, туыстық жақындығы барын айғақтаған. Енді Мария өз сөзін растау үшін марқұмның денесін қазып алуды талап етіп отыр.

Сонымен қатар Пеленің өсиетінде футболшының теориялық тұрғыдан тағы бір баласы болуы мүмкін екені айтылған. Марияның адвокаты Пеле қайтыс болғанға дейін ДНҚ сараптамасын жасауға келіскенін, бірақ оны тапсырып үлгермей қалғанын айтады.

Бразилиялық БАҚ-тың мәліметінше, Пеле қайтыс болған кезде оның 91 миллион еуродан астам капиталы болған. Егер Марияның футболшының қызы екені расталса, ол балаларына берілген 60%-дың бір бөлігін талап ете алады. Алайда Мария мұраға қызықпайтынын жеткізген.

Осы тұста Пеле Аугусто Мильоли әулетінің адвокаты отбасының денені қазып алуға қарсылық білдіргенін, Марияның осы уақытқа дейін тапсырған ДНҚ-сынамаларының барлығы жалған екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама