×

Экология министрі өзінің консервіленген киік етін жеп көретінін айтты

Бүгінде министрлік ақбөкен санын қолдан реттеуге мәжбүр

 Дәурен Ерболат 23.01.2024 | 13:09
коллаж: Halyq Uni

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев консервіленген киік етін жеуге уәде берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында ведомство басшысына «Сіз консервіленген ақбөкен етін америкалық актер Леонардо Ди Каприоға жіберуді жоспарлап отырсыз ба?» деген сұрақ қойылды. Осы орайда министр елімізде ақбөкеннің санын өсіру үшін ауқымды жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Танымал Голливуд актері Леонардо Ди Каприо ғана емес, көптеген халықаралық ұйымдар да 21 мың бас киіктің санын өсіргеніміз үшін бізге алғыс хат жіберді. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар мәселенің екінші жағын да түсініп отыр. Олар ақбөкен санын реттеу керектігін де, әлемде мұндай тәжірибе барын да қабылдайды, - деді Ерлан Нысанбаев.

Сондай-ақ ол өзі де консервіленген киік етін жеуге уәде берді. 

«Киік санының табиғи реттелу құбылысының бұзылғанына өзіміз кінәліміз. Бүгін оны қолдан реттеуге мәжбүрміз. Себебі, олар ауыл шаруашылығына шығын келтіріп жатыр. Консервіленген киік етіне тоқталайын. Ол бір жерде сатылып жатса, өзім сатып аламын, дәмін көремін. Шынымды айтсам, бұл туралы ойламаппын», - деді министр ағынан жарылып.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама